Астанада бөтелкемен аялдаманың әйнегін сындырған ер адамға сот шешімі шықты

Фото: istockphoto.com

Астанада бір апта бұрын аялдаманың әйнегін әдейі сындырған ер адам екі аптаға әкімшілік қамауға алынды.

Оқиға 2026 жылғы 6 қаңтарда елордадағы «Шабыт» аялдамасында болған. Мас ер адам бөтелкемен аялдама павильоны есігінің әйнегін сындырып, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірген. Оның әрекеті сол жердегі бейнекамераға түсіп қалған.

Сотта ер адам өз кінәсін мойындады.

Осылайша сот қаулысымен ол ӘҚБтК 147-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.