Қауіпті авиациялық оқиғаға қатысты тексеру басталды

Фото: pixabay

10 қаңтар күні әуеде Uzbekistan Airways пен «Победа» әуе компанияларына тиесілі  екі жолаушы ұшағы Шымкент аймақтық диспетчерлік орталығының бақылау аймағында бір-біріне қауіпті қашықтықта ұшқан. Ұшақтар Внуково – Самарқанд, Термез – Мәскеу бағыты  бойынша бет алған.

Көлік министрлігінің мәліметінше, аталған жағдай қауіпті авиациялық оқиға ретінде тіркеліп, уәкілетті орган тексеру жүргізеді.