Бүгін Таиландта жүріп бара жатқан жолаушылар пойызының үстіне кран құлады. Салдарынан 195 жолаушының кем дегенде 22-сі қаза тауып, 80-і жараланған. Оқиға Бангкоктан 230 шақырым жерде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, теміржол көлігі рельстен тайып, үш вагонға қатты зақым келген.Тергеу амалдары жүріп жатыр.