Автобустың салонындағы автономды жылыту құрылғысы істен шыққан. Аймақта аяз күшейіп, бүгін ауа температурасы -32 градусқа дейін төмендеді. Құтқарушылар жолаушыларды Мамлютка қаласындағы эвакуациялық пунктке, ал автобусты жөндеу бекетіне жеткізді. Жолаушылардың барлығы - Өзбекстан азаматтары.
Синоптиктердің болжамынша, өңірде алдағы күндері де қатты аяз сақталып, дауылды ескерту жарияланған.