Шымкентте ер адам көпқабатты тұрғын үйдің 16-қабатынан құлап, қаза тапты.
Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға тұрғын үй ауласынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
«Аталған дерек бойынша суицид фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.