Тайландтағы катер апаты: Қазақстандықтардың жағдайы жақсарып келеді

фото: Таиланд турист полициясы / Facebook

Катер апатынан зардап шеккен 8 қазақстандықтың екеуі ауруханада ем қабылдап жатыр, жағдайлары жақсарып келеді. Қалғандары қажетті емнен кейін ауруханадан шығарылған.

Пхукеттегі катер апатынан зардап шеккен туристердің барлық шығынын сақтандыру компаниясы өтейді.

Еске салайық, апат кезінде катерде 52 турист пен экипаж мүшелері болған. Салдарынан 23 адам ауруханаға жеткізіліп, 18 жастағы Ресей азаматы қаза тапты.