Атырауда 13 жасар бала спорт кешенінде баскетбол ойнап жүріп көз жұмды

Атырауда 13 жасар бала спорт кешенінде баскетбол ойнап жүріп көз жұмды. Бақытсыз жағдай қаладағы  жеке спорт академиясында болды. Абдулазиз Тасболат  жаттығу аяқталуға 17 минут қалғанда құлап қалған. Үйірмеге қатысқан  екі жылында жаттығудан қалмай, қуана келетін,- дейді қайғыдан кейін ес жия алмай жүрген спорт кешені мамандары. Баскетбол алаңында әдеттегідей жаттығу жалғасып жатқанымен, балалар да, жаттықтырушылар да  кешегі жағдайдан соң есеңгіреп қалған.  Спорт кешені басшысы Ольга Пастухтың айтуынша, жасөспірім  үйірмеге алдымен ақылы, кейін “Даму бала” бағдарламасымен тегін қатысқан. Денсаулығы үшін дәрігерлер спортпен айналысуға кеңес берді,- депті анасы. Қазір баланың құжаттары мен бейнебақылау камерасындағы жазбаны құқық қорғау органдарына тапсырған.

ОЛЬГА ПАСТУХ. ЖЕКЕ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ БАСШЫСЫ:

24 қарашада медицинадық анықтама жаңартылды. Онда баскетболмен айналысуға рұқсат берілген. Барлық жаттығударға кіші медициналық қызметкер  қатысады. Бұл жолы да жаттығу алдында медбике де, жаттықтырушы да жағдайларын сұраған.  Бейнекамерадан бәрі көрініп тұр.  Ол жаттығу кезінде өте жақсы ұстады, ойнады.  1 сағат 15 минут өткен,  жаттығудың аяқталуына 17 минут қалған.  Спарринг болып жатқан бес те бес болып.  Ол шабуылды күтіп тұрып, құлап кеткен. Иілді де, құлап қалды.  Дереу жаттықтырушы мен медбике келіп, жедел жәрдем шақырды.

Өкінішке орай, жедел жәрдем келгенше жасөспірім қайтыс болды.  7-сынып оқушысы мектепте денсаулығына еш шағымданбаған.  Алайда дәрігерлер бұған дейін 2016, 2021 жылдары “жүректің туа біткен ақауы”  диагнозымен ота жасалғанын айтады. Қаладағы №1 емханада диспансерлік есепте тұрған. 3-топ мүгедектігі беріліп, 2024 жылы  денсаулығының оңалуына байланысты алып тастапты.

ЛАРИСА ИСБУСИНОВА, Ж.ҚАРАЖІГІТОВ АТЫНДАҒЫ №16 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

7 сыныпқа деңін бізде оқыды.  Бізде тәртібі де жақсы  болды. Денсаулығы туралы жалпы ешқандай шағым болған жоқ.  Тек қана грипп болғанмен, бірақ жүрек туралы жүректен мектептің есебінде тұрған жоқ. Бірқалыпты.

АСЫЛХАН КУЧИКОВА, № 1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Ол балада бұрын мүгедектік болған  тобы, 2024 жылы жағдайының жақсаруына байланысты мүгедектігі алынып тасталған.  Баланың жағдайы жақсы, кардиохирургтен өткен 2025 жылы  авгцст айында астана қаласында тағы да тексерістен  өткен  баланың жағдайы жақсы эхокардиографиялық тескерістің қорытындысы  фракциясын ота жасалған құлақшаның жақсы тұрғанын көрсеткен. Соның негіздерінде балаға, бұрыннан айналысып жүрген бала.