Таразда сыныптасын өлтірген оқушыға қатысты сот үкімі шықты. Мектеп дәретханасында қатарласын соққыға жыққан 9 сынып оқушысы енді 6 жыл 8 айын темір торда өткізеді. Түрмеге тоғытылған жасөспірімнің ата-анасынан жәбірленуші тарапқа 10 млн теңге моральдық өтемақы өндірілген. Еске салсақ, бұл оқыс оқиға қыркүйек айының басында орын алған. Бірінші сабақтан соң әжетханаға барған оқушылар сөзге келіспей қалған. Қоңырау кезінде әлімжеттік әрекеттен қол жұмсалып нәтижесінде мойнынан ауыр соққы алған 15 жастағы жәбірленуші жерге құлаған. Жеткіншек жедел жәрдем келгенше жан тапсырған болатын.
ДӘУРЕН БАЙНАЗАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
Кәмелетке толмаған құрдасы А-ға қатысты физикалық зорлық-зомбылық көрсеткен. Мойын жарақатының нәтижесінде жәбірленуші оқиға орнында қаза болған. сот тергеу барысында кәмелетке толмаған сотталушы кінәсін ішінара мойындады. Қылмыстық Кодекстің 106 бабы, 3-ші бөлігімен кінәлі деп танылып, 6 жыл, 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.