Павлодарда аутизмі бар 13 жастағы баланы күзетші ұрып соққан

Павлодарда аутизмі бар 13 жастағы баланы күзетші ұрып соққан. Оқиға қаладағы психоневрологиялық орталықта болған. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Заңсыздықты мамандар жасанды интелектінің көмегімен анықтаған. Ол баланы ұру, құлау сәтін таспалап, бірден  құзырлы органдарға хабар берген. Аймақ прокуратурасының айтуынша, жасанды интелекті бұған дейін де осыған ұқсас зорлық зомбылық оқиғасын тіркеген болатын.

ТӨРЕБЕК ҚАЛЖАН, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:

Ол бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру тіркеліп, полициямен тергелуде. Жоба іске қосылған сәттен бастап, балаларды ұрып соғуды анықтаудың екінші жағдайы. Осыған дейін орталықтың санитары қызметінен босатылумен қылмыстық жауаптылыққа тартылған.