Алматыдағы оқу полигонында сарбаз өз аяғына оқ атты. Оқиға қаладағы 5571 әскери бөлімінде болды. Жоспарға сәйкес жеке құраммен жауынгерлік дайындық Өткізілген. Қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан мерзімді борышын өтеп жүрген қызметкер АК-74 автоматымен өзін жарақаттады. Оқ сарбаздың сол аяғына тиген. Азаматқа дереу медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.
ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ «ОҢТҮСТІК» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Оқиға орнында оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін шұғыл түрде Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілді. Әскери қызметшінің жағдайы қанағаттанарлық, ағзалары зақымданбаған. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда. Аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.