"Салық жүйесі – мемлекет, бизнес, азамат арасындағы жаңа келісім", - сарапшы

  • AstanaTV
  • 14 қаңтар 2026

"Салық реформасының мақсаты жәй ғана ақша жинау емес, жүйені жаңғырту". Сарапшылардың елде жүргізіліп жатқан реформаға қатысты пікірі осындай. Яғни, Үкімет салықты жазалау құралы ретінде емес, керісінше, ортақ ереже есебінде қарауды ұсынып отыр.  Бұл – мемлекет, бизнес және азамат арасындағы жаңа қоғамдық келісім құруға мүмкіндік береді. Сол үшін жүйеге ортақ жауапкершіліктің айнасы есебінде қарау керек дейді мамандар. 

САТЫБАЛДЫ ДӘУЛЕТАЛИН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мемлекет бизнестен жалақы көтеруді күтсе салық саясаты соған мүмкіндік беру керек, адал жұмыс берушіні ыталандыру қажет жалақы көтерсе қауіпсіздікке қаржы бөлінсе сапалы жұмыс орынын ашса жұмысшылардың біліктілігін арттыруға жағдай жасаса оларға қолдау болуы тиіс.