Алматыда Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана мен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоры арасында меморандумға қол қойылды. Бұл әріптестік, елде оқу мәдениетін дамытуға және зияткерлік әлеуетті арттыруға бағытталған. «Кітап оқитын ұлт» жобасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асырылып, үш өңірде пилоттық түрде басталды. Қазіргі таңда жобаға 189 мыңнан астам адам қатысуда. Ал, биыл жобаны барлық өңірге таратып, қатысушылар санын 1 миллионнан асыру жоспарлануда.
АЛИЯ САЙДЕМБАЕВА, ҚР ОҚУ АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Озық ойлы ұлт болудың төте жолы кітап оқу деп мемлекет басшысы үнемі назардан тыс тастаған емес. Үнемі айтып отырады. Бұл кітап оқитын ұлт жобасы 25-ші жылы қыркүйек айында жүзеге асырылып жатыр. Еліміздегі үш өңір Түркістан облысы, Қарағанды облысы және Қостанай облыстарында. Енді осы жобаның ауқымын 20 өңірге насихаттап, ауқымын кеңейту.