Ертең елордалық оқушылар мен студенттер онлайн оқиды

Фото: pixabay

Ертең мектеп оқушылары мен колледж студенттері ауа райының суытуына байланысты қашықтан оқиды. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады.

- 2026 жылғы 15 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады,- делінген хабарламада.