Қазгидрометтің мәліметінше еліміздің аумағында температураның күрт төмендеуі күтілуде. Осыған байланысты Төтенше жағдайар министрлігі азаматтарды тұрғын үй-жайларды жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады.
-бірінші кезекте пешпен жылытудың, электр және газ жылытқыштарының жарамдылығын тексеріңіз;
-тек жарамды құрылғыларды қолданыңыз;
-жабдықтың қызып кетуіне жол бермеңіз және тоққа қосылған аспаптарды қараусыз қалдырмаңыз;
-жанғыш материалдарға дейінгі қауіпсіз арақашықтықты сақтаңыз;
-қолдан жасалған немесе ақауы бар жылытқыштарды пайдаланудан бас тартыңыз;
-мұржалардың жарамдылығын қамтамасыз етіп, қажет болған жағдайда оларды тазалаңыз.