Қазақстан Еуроодаққа автокөлік экспорттамақ

Қазақстан өзінің автокөліктерін Еуроодақ елдеріне экспорттау бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков айтты.

Дегенмен, спикер келісім жасалып жатқан елдің атын атаудан бас тартты.

«Бәсекелестік бар, экспортқа біз сияқты мүдделі басқа да елдер бар. Олар ұсынысымызды басып озуы мүмкін», — деп түсіндірді Сапарбеков.

Сонымен қатар вице-министр келіссөздердің қорытындысы биыл белгілі болатынын жеткізді.