Павлодарда ұры үй иесін өлтіріп, денесін өрттеп жіберген

Павлодарда ұры үй иесін өлтіріп, денесін өрттеп жіберген. Сұмдық оқиға Заря ауылында болды. 26 жастағы жас жігіт ауылдасының үйіне ұрлыққа түскен. Ондағы мақсаты трактордың қосалқы бөлшектерін алмақ болыпты. Осы кезде ұрыны 61 жастағы үй иесі, әйел адам байқап қалады. Қарақшы қылмысын жасыру үшін оны үйіне сүйреп апарып тұншықтырған. Алайда, шамасы жетпеген соң, пышақтап өлтірген. Қылмысын жасыру үшін үстіне киім үйіп, өрттеп жіберіпті. Аталған іс Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Қылмыскер өз кінәсін мойындады. Сот оған 10 жыл жаза кесті. Сот барысында қылмыскердің тағы бір іске қатысы бар болып шықты. Ол адам өлтірместен бірнеше күн бұрын Заря ауылындағы тағы бір үйді тонап кеткені анықталды. Сотталушы қаза тапқан әйелдің отбасына 4 млн. теңге төлеуге міндеттелді.

МАРЖАН ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Сотталушының кінәсі жәбірленушілермен куәлердіңайғақтарымен сот медициналық сараптамалардың қорытындыларымен сондай-ақ, оның мойындауымен расталды. Жеңілдетілетін мән жай ретінде соттылының болмауы және өкінетіндігі ескерілді. Сот үкімімен Е түпкілікті 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.