Атырауда көктайғақ салдарынан жарақатпен медициналық көмекке жүгінгендер саны үш есе өскен

  • AstanaTV
  • 15 қаңтар 2026

Атырауда көктайғақ салдарынан түрлі жарақатпен  медициналық көмекке жүгінгендер саны үш есе өскен. Соңғы тәулікте 200-ден астам науқас облыстық аурухананың травматологиялық бөлімінен көмек сұрапты. Салдарынан аурухана  қосымша пост ашуға мәжбүр болған. Жарақат алғандардың 20-дайы ауруханаға жатқызылса, қалғандарына ем-дом жасап, гипс салып, үйлеріне жіберген.

АСХАТ БЕЙСЕНҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ТРАВМАТОЛОГИЯ ПУНКТІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Көбіне келіп жатқан сынықтармен келіп атқан көшеде құлағандар, көбіне ересек адамдар жасы алпыстан асқан. Сынықтарға көбінің білегі сынған, сан сүйектері  сынған, омыртқалары сынған, иық сүйектері сынған сондай сынықтармен келіп жатыр. Қолайсыз жағдайға байланысты транмпункте екінші пост ашылып,  қазір медперсоналдар санын көбейтіп жатырмыз.

Бір күнде 30-дан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның бесеуі - ірі, 7 адам жарақат алды. Облыс аумағындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысында шектеу енгізілді. Балалар қауіпсіздігі үшін оқушылар мен колледж студенттері онлайн оқыды. Ал Ақтөбе облысында  431 мектептегі 190 мыңға жуық оқушы қашықтан оқыды.   Білім басқармасының мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты тиісті органдардың ескертуі негізге алынған.

ГҮЛЖАН ҚҰЛЫБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Мектеп интернаттарда балалар оқу процесін жалғастырады. Интернаттағы. Ал үйден қатынайтын балалар қашықтан оқытуға ауыстырылды.