29 жатақхана пайдалануға берілді

  • AstanaTV
  • 15 қаңтар 2026

Былтыр елімізде 29 жатақхана қолданысқа берілді. Student Residence форматындағы кешендер бой көтеруде. Нәтижесінде жатақхана тапшылығы 82 мыңнан 15 мыңға дейін қысқарды. Астанада рекордтық көрсеткіш орын алып, 2656 орындық жатақхана пайдалануға берілді. Ал Алматыда былтыр 4280 орынға арналған жаңа кампус ашылды. Сондай-ақ мемлекет табысқа кепілдік берген соң, бизнес өкілдері студенттерге арналған жаңа заманауи жатақханаларды белсенді сала бастады, инвестор үшін сенімді пайда көзіне, ал жастар үшін жайлы мекенге айналып жатыр.

САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:

Президентіміздің тапсырмасына сәйкес 2027 жылға дейін жыл сайын кемінде 10 мың төсек-орындық жатақхана пайдалануға беріледі. +Бұдан бөлек ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер мен мүгедектігі бар жастардың жатақхана шығынын мемлекет өтейді.