Қоқыс көлігінің жүргізушісі сотталды

Қостанайда аулалардың бірінде зейнеткер әйелді қағып, өлтірген қоқыс көлігінің жүргізушісіне сот үкім шығарды.

Қостанай қаласының №2 сотында жол қозғалысы ережесін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соққан В. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі).

Соттың анықтауынша, 2025 жылдың қазан айында «Тазалық-2012» ЖШС-ге тиесілі КамАЗ 43253 қоқыс көлігін басқарған жүргізуші артқа жүру кезінде көліктің қозғалысын толық бақыламаған. Соның салдарынан сол бағытта келе жатқан жаяу жүргінші К.-ны қағып кеткен. 67 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды.