16 қаңтар күні Астана қаласындағы екінші ауысымда оқитын 0–9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Астана қаласының Білім басқармасының мәліметінше, бұл шешім ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты қабылданған.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2026 жылғы 16 қаңтарда екінші ауысымда оқитын 0–9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді», – делінген хабарламада.