Рудныйда иесіз ғимарат өртеніп,бір адам жанып кеткен. Қараусыз қалған аумақтағы өртті ауыздықтауға қалалық бөлімше қызметкерлері дереу жеткен.Барлау және қызыл жалынды сөндіру барысында жанып кеткен кісінің мәйіті табылған.Марқұмның тұрақты мекенжайы жоқ адам екені белгілі болды. Тиісті тексерулер тағайындалды.
ЕРЖАН КҮШКІНБАЕВ, ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АПАТТЫҚ -ҚҰТҚАРУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері мен болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт туралы 112 нөміріне дер кезінде хабарлауға шақырады.Уақытылы хабарлау қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік береді.