Түркістан облысында әкесін ұрған жігіт 5 жылға сотталды. Сотта 41 жастағы Алмас Садақбаевтың 2020 жылдан бері денсаулығы нашарлап, қозғалуында қиындықтары болған 70 жастағы әкесін жүйелі түрде ұрып-соққаны дәлелденді. Салдарынан жәбірленуші физикалық және психикалық азап шегіп, денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілген. Сотталушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Сот жаза тағайындау кезінде айыпталушының бұрын сотталмағаны, кінәсін мойындауы және өкініш білдіруі мен кәмелетке толмаған балаларының болуын ескерді.Үкім заңды күшіне енген жоқ. Еске салайық, жұрттың жағасын ұстатқан жағдай Шардара ауданында болды. Азаптау оқиғасы былтыр қария қайтыс болғаннан кейін жарияланған.
МҰХТАР ЖОЛДАСБЕКОВ, СУДЬЯ:
Сот Садақбаев әкесін дәрменсіз күйде азаптау, қинау іс-әрекеті дәлелденді деп табады. Сонымен бірге әкесіне орта дәрежелі зиян келтіргені де дәлелін тапты деп санайды сот. Сот сараптама қорытындысы да осындай несін бағаланып атыр. Оның қабырғалары сынған, мұрны сынған. Алайда ол кеш эксгумация болуына байланысты оның өлім себебі анықталған жоқ.