Жас жігітпен танысып, 4 млн теңгесін сыпырып алған

Астана тұрғыны жас жігітпен танысып, 3 айдың ішінде 4 млн теңгесін сыпырып алған. Ол танысуға арналған Тиндер қосымшасына «Нұрай» есімімен тіркеліп, өзінің Telegram аккаунтына сілтеме қалдырған. Парақшасына бейтаныс қыздың суретін қойған ол, жәбірленушімен кездесуге уәде беріп, түрлі сылтаулармен ақша сұрай бастапты.  Сот айыпталушыны ірі көлемде жасалған алаяқтық үшін кінәлі деп таныды.

ДИНАРА ТУКЕЕВА, ҚАЛА ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:

Жасаған ісіне шын өкінуі, келтірілген мүліктік залалды өз еркімен өтеуі және ауырлататын мән-жайлардың болмауы ескеріле отырып, сот үкімімен оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.