Трамп ақыры Нобель сыйлығын алды

Трамп ақыры Нобель сыйлығын алды. Желтоқсанда норвегиялық қазылар АҚШ Президентін лайық деп танымаса да, венесуэлалық саясаткер Мария Корина Мачадо желтоқсанда алған сыйлығын Трампқа сыйға тартты. АҚШ кез-келген сәтте Иранға шабуыл жасауы мүмкін. Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкіл осылай деп сес көрсетті. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Нобель сыйлығын аламын деп, қақтығыстарды тоқтатып, бітімгер болған Трамптың арманы ақыры орындалды. Норвегиялық қазылар лайықты деп таныған Марина Корина Мачадо Трамппен кездесіп, өзі жеке табыстады.

МАРИНА КОРИНА МАЧАДО, САЯСАТКЕР:

Мен Президент Трампқа Нобель сыйлығын бекер сыйлаған жоқпын. Оның тарихи мәні бар. Осыдан 200 жыл бұрын Америкалық генерал Лафайет Симон Боливарға Джордж Вашингтонның жүзі бейнеленген медаль сыйлады. Ол венесуэлалықтар азаттық үшін соңына дейін күрессін деп ырымдап берген. Соның қайтарымын жасап, бостандық үшін бірге күресейік деп, мен де ырымдадым.

АҚШ әлі де Ирандағы жағдайды бақылау үстінде. Кез-келген сәтте шабуыл жасауы мүмкін. Бұл туралы БҰҰ-дағы АҚШ тұрақты өкілі Майкл Уолтц мәлімдеді.

МАЙКЛ УОЛТЦ, БҰҰ-ДАҒЫ АҚШ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

Біз ирандықтардың бостандық үшін күресін соңына дейін қолдаймыз. Қазір режим тарихта ең әлсіз кезеңін бастан өткеруде. Ал, халық ең ауқымды бас көтеру ұйымдастырып отыр. Біз, міндетті түрде көмектесеміз. Ал, бейкүнә халықты өлтіріп, түрмеде азаптағандардың жазасын береміз. Олар қашып құтыла алмайды.

Мадуроны қорғаған офицерлердің денесі отанына оралып, жер қойнауына табысталды. 32 кубалық әскеридің денесі ел астанасы Гавананың орталық көшелерімен жүріп өтіп, жергілікті тұрғындар тізіліп тұрып, құрмет көрсетті.