Жамбыл облысында үш жыл бұрын жөнделген көпір қайта жарамсыз күйге түсті. Тозығы жеткен өткелдің екі шеті де үгітіліп, үсті тесіліп, қасбеті қисайған. 6 ауылды облыс орталығымен байланыстырып жатқан жолда көлік түгілі, жаяу жүруге қорқамыз дейді тұрғындар.
ҒАБИТ БИГУЛИН, ДОСБОЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Көріп тұрсыздарғой міне құлайын деп тұр. Құлауға айналды тесіліп кетті төбесі. Енді каз былай-былай өткен көліктер қорқып өтеді, тоқтап тоқтап өтеді. Жарылып кеткен көріп тұрсыздар, ашылып қалған арасының бәрі.
БОЛАТ ЖҰМАДІЛОВ, ДОСБОЛ АУЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Бұл көпірге осыдан үш жыл бұрын ремонт болған. Ремонттың аяғы мынау. Жеңіл машинаның өзіне шайқалып жатыр. Балаларды таситын машинамыз бар садикке, ауылдың балаларын ауданға апарады. Сол кезде қорқынышта отырамыз қай күні көпіріміз құлап кетеді деп.
Қазір сапасыз істелген тірліктің азабын тұрғындар тартып отыр. Негізі көпірге 2 жыл бұрын 25 шақырым жолымен бірге жөндеуге 737 млн теңге жұмсалған. Жауаптылар жолды апатты деуге келмейді, жағдайы жаман емес дейді.
ДАРХАН АБДУАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Досболдағы көпірдің жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Ағымдағы жылы облыстық маңызы бар автожолды күтіп ұстау жұмыстары аясында көпір жақтауларын бетон өткелдерін ағымды жөндеуден өткізу жоспарда бар.