«AMANAT» партиясы жаңа салық кодексі бойынша кеңес беретін онлайн платформа құрады. Бұл туралы атқарушы хатшы Дәулет Кәрібек қазақстандық салық кеңесшілерінің форумында айтты. Жыл басында күшіне енген жаңа кодексті жіті түсінбей жатқандар бар. Реформаның оңтайлы өзгерістері мен түйіткілді тұстарын сала мамандары жан-жақты талқылады. Қаржылық кеңеске мұқтаж кәсіпкерлерлер үшін мұндай форматтағы іс-шаралары легі өңірлерде жалғасады, - деді ұйымдастырушылар.
ДӘУЛЕТ КӘРІБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Мемлекет басшысы атап өткендей бұл жалпы салықтың фискалды науқанға өту кезеңі емес, бұл жаңа реформаның бастауы. Біздің партия бұл кезеңде ары қарата қандай жұмыстар атқарады? Партияның жанынан ЖИ-ке негізделген, үлкен платформа құратын боламыз. Бұл платформа ішінде барлық сұрақтарға мәселелерге негізделген нақта жауаптар болады. Оны да біз кәсіби деңгейдегі қаржы сарапшыларымен, бахгалтерлермен берлесе отырып, іске асыратын боламыз.
Саладағы әкімшілендіру процестері енді қалай болады деген сауал кез келген салық төлеушіні алаңдатады. Форумның мақсаты сол – практикалық негізде жаңа ережелерге сай әрекет етуге үйрету.
СӘКЕН КАРИН, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЛЫҚ КЕҢЕСШІЛЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
Жаңа салық кодексі көп салыққа өзінің әсерін берді. Өзіңіз білесіз бізде қосымша құн салығы 12 пайыздан 16 пайызға өсіп жатыр. Оның тіркеу шектеуі 2 есе түсіп жатыр. Және жеке табыс салығында өзгерістер бар. Соған қатысы енді барлық тақырыптарды бүгін конференцияда қозғайтын боламыз.
Жаңа кодекс шағын бизнес үшін бірыңғай режим ұсынды. Бұрынғы жеңілдетілген декларация мен бөлшек салығын біріктіреді. Әрі қосымша құн салығы мен әлеуметтік салықтан босатылады. Мұндай жеңілдікті қолдану үшін жылдық кіріс 600 айлық есептік көрсеткіштен, яғни, 2 млрд 400 млн теңгеден аспауы тиіс.
ГҮЛНҰР НҰРЛАНҚЫЗЫ, САЛЫҚ КЕҢЕСШІСІ:
Жаңа салық режиміне көшу керек екенін түсінбей жатқандар көп. Біз бұрыннан осы режимдеміз. Неге біз өтініш беруіміз керек деген секілді. Бұл режимнің аты сақталғанымен, ішіндегі шарттары, салық ставкалары, лимиттері өзгергенін айтып бергіміз келеді. Және бұның салық ставкасы әр аймаққа байланысты әртүрлі. Бұрынғыдай «жалпы упращенка – жалпы 3 пайыз» деген жоқ. Әр аймақ әртүрлі. Кейбір аймақтар 2 пайызға дейін төмендетсе, кейбір аймақта бұл 4 пайызын сақтап қалды.
Реформа, әсіресе, ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер үшін тиімдірек болды, - дейді мамандар. Енді олар жеке табыстың тек 0,5 процентін мемлекет қазынасына төлейді. Ал оңайлатылған декларация бойынша басқа кәсіпкерлер пайдасының 4 процентін бюджетке өткізеді. Жалпыға бірдей режимді қолданатындар жылына бір рет жалпы табыстан 10 процент, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер 20 процент салық төлейді.
ҒАЛИЯ ЖОЛБАРЫСОВА, САЛЫҚ КЕҢЕСШІСІ:
Бұл кодекс бойынша бұл режимді қолданатын біздің ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлеріміз өзінің жер участкелері үшін жер салықтарын төлеуден босатылған. Көлік салығын, мүлік салығын төлеуден босатылған. Әлеуметтік сондай-ақ қосымша құн салығын төлеуден босатылған. Яғни, бұл дегеніміз шаруа, феремер, қожалықтар, яғни, ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлеріміз үшін үлкен мүмкіндік.
Отандық бизнес өкілдері жаңа жағдайға барынша жеңіл бейімделуі үшін түсіндіру жұмыстары жыл бойы жүргізіледі.