Алматыда жұқпалы ауруларды емдейтін ғылыми орталық ашылды. 350 төсек-орынға есептелген нысан жыл сайын 2,5 мың науқасты қабылдай алады. Емдеу орны Президент тапсырмасы негізінде салынған. Соңғы жылдары медицина саласында ілкімді жобалар жүзеге аса бастады. Түрлі нысандар ашылып, қызметкерлерге жайлы жағдай жасау бірінші кезекке шықты. Небәрі екі жылдың ішінде 700-ге жуық жаңа орталық бой көтерді. Оның ішінде ауыл тұрғындары үшін 195 заманауи пункт ашылды. Мамандарға қолдау көбейіп, жалақы өсті. Басты жаңалық, биыл Мемлекет басшысы сала жұмысшыларының құқығын қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңға қол қойды.
МӘЛІК ӘДЕНОВ, ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Бұл жерде барлық диагностикалық, оталық емдеу әдістемелік құрал-жабдықтар қарастырылған. Былай айтқан кезде, жұқпалы аурумен ауыратын науқасты біз ешқашан басқа мекемелерге тасымалдамай, осы жерге керекті мамандарды шақыртып, керек тексерістерді осы орталықта өткісіп, дер кезінде диагнозын анықтап, көмектесуге дайынбыз.
Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы қысқа мерзімде салынды. Бұл нысанда клиникалық көмек көрсету, ғылыми жұмыс жүргізу, білім беру, цифрлық технологияларды пайдалану секілді мүмкіндіктер бар. Орталық балалар мен жүкті әйелдерге де медициналық көмек көрсетеді.