Риддер жылу электр орталығындағы барлық алты қазандық жұмыс істеп тұр. «AMANAT» партиясының депутаттары орталықтың жұмысымен танысты.
Жылу электр орталығындағы негізгі факторлардың бірі -ол жабдықтардың техникалық жағдайы. Сондықтан жыл сайын маусым алдында ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу орталығының қуатын күшейтіп отырады. Бүгінде орталық 40 градусқа дейінгі аяз кезінде де еш қиындықсыз істейді. Себебі алты қазандық та мүлтіксіз жұмыс істеп тұр. Әзірге бес қазандық қосылған, біреуі резервте дейді.
ДЕНИС РЫПАКОВ, ШҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
“AMANAT” партиясының депутаттары бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстап отыр, алдағы уақытта да осы жұмысты жалғастырамыз. Қазір көмір қорын бақылауда ұстап отырмыз. Барлық ЖЭО мен қазандықтарды аралап шықтық. Көмір қоры бар, беріктік қоры жеткілікті. Жылу желілері бойынша кейбір мәселелер бар, оларды жазда шешеміз. Ал қазір бәрі шыдап тұр, барлығы жұмыс істеп тұр.
Риддер ЖЭО-да 24 күнге жететін көмір қоры бар. Тәулігіне станцияға шамамен 15 вагон қатты отын жеткізіледі. Бұл тұрақты жұмыс режимін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар партияның бақылауында тұрған тағы бір елді-мекен бар. Өскеменге іргелес орналасқан «Опытное поле» кентін де орталық жылыту жүйесімен қамту көзделген. Депутаттардың айтуынша, орталықтағы жұмыс сапасының жақсы болуы тұрғындардың өмір сапасына да тікелей әсер етеді. Бұдан бөлек, бұл экологиялық жағынан да жағдайды жақсартады.
ЕРЛАН ЖАРМҰХАМЕТОВ, ГЛУБОКОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бүгінгі таңда орталық коммуникациялар бойынша ЖСҚ дайын, енді қазандық құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын қайта қарау қажет. Нұрымбет Аманұлы салалық басқармаларға тиісті тапсырма берді. Бүгінгі кездесуден кейін бұл мәселе қозғалады деп ойлаймын.
Глубоков ауданында депутаттар агроөнеркәсіптік секторды дамытудың өңірлік стратегиясын әзірлеу жобасын қолдады. Атйуынша, өткен жылдардағы тәжірибені зерттеп, қай зауыттардың тоқтап тұрғанын, олардың жүктемесі қандай болғанын анықтау қажет. Бұл бүгінгі күні сүтті мал шаруашылығын дамыту мен жаңа жұмыс орындарын құру үшін нақты бағыттарды айқындауға мүмкіндік береді.
ЕЛЕНА ЛЕОНТЬЕВА, ГЛУБОКОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Қазір бәрі қайта жанданып жатыр. Егер өндіріс дамыса, әлеуметтік сала да дамиды. Адамдарға тұрғын үй салынады, жолдар салынады. Барлығы жақсарады – жарықтандыру жүргізіледі. Егер жұмыс болса, жастар ауылда қалады.
Елдегі су ресурстарының 40 пайызы Шығыс Қазақстанда шоғырланған. Бұл, депутаттардың айтуынша, өңірде суармалы жерлер мен жем-шөп базасын дамытуға үлкен әлеует бар екенін көрсетеді.