Қызылордада «Әлеуметтік әмиян» цифрлық платформасын енгізу бойынша оқу семинары өтті

«AMANAT» партиясы  Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп,  «Әлеуеттік әмиян» жобасын қолға алды. Цифрлық платформаны пайдалану және барлық тетіктерін үйрету мақсатында Қызылордада  оқу-семинары өтті.  Мектепте оқушыларға берілетін ыстық тамақ мәселесі қоғамда жиі талқыланады. Бөлінетін қаржы, астың сапасына қатысты түсініспеушілік көп.  Сондай-ақ,  тегін және жеңілдетілген тамақтану ваучерлерін автоматты түрде есептеу тәртібі бойынша толық түсінік қалыптаспаған дейді мамандар. Жиында   "Әлеуметтік әмиянның" жұмыс істеу механизмін, ыстық тамақ берудегі ашықтық таныстырылды. 8 жұмысшы тобы құрылған, олар арнайы кестемен ауыл-аймақтағы педагогтар мен ата-аналарды оқытады.

ЖАНДОС БАЗАРТАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Үйреніп алған адам қолдануды балаға бөлінген қаржының және тамақтану процесіндегі барлық процесті бақылай алады. Сапасын да және қаржының дұрыс игерілуінде. Және күнделікті бала тамақтанды ма соны мемлекет тарапынан да және ата-ана тарапынан да қарап отыруға мүмкіндік туады. Егер бала белгілі себеппен тамақты ішпеген болса, міндетті түрде ол «Әлеуметтік әмияндағы» қорында қаржы есебінде тұрады.