Қазақ ұлттық университетінде ұшқышсыз авиацияны дамыту орталығы ашылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұшқышсыз авиация саласына арналған инновациялық орталық ашылды. Жоба университет пен «Aerial Solutions» компаниясының өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асырылды. Жаңа орталықта ұшқышсыз ұшу аппараттарын әзірлеу, сондай-ақ осы бағыттағы білікті мамандарды даярлау көзделіп отыр. Бұл бастама заманауи технологияларды экономика мен қауіпсіздік салаларына енгізуге мүмкіндік береді.

Орталықтың материалдық-техникалық базасы заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда оқу-өндірістік зертханалар жұмыс істеп, тәжірибелік және қолданбалы зерттеулер жүргізіледі. Студенттер, сарбаздар, тіпті мектеп бітірген оқушылар да  нақты жобалар арқылы кәсіби машықтарын жетілдіруге мүмкіндік алады.

МАРҒҰЛАН ИБРАИМОВ, ҒЫЛЫМИ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР:

Қазір жасанды интелект, цифрландыру және ұшқышсыз аппараттар игеру қазіргі кезде өте мамандықтарды көп қажет ететін сала болып табылады. Бұған дейін біз өндіріске арналған машина өндірісіне арналған автоматтандыруға роботтар орталығын ашқан болатынбыз. Операторлар жаңағы пилоттар болсын инженерлерді дайындау бойынша бұл таптырмас орталық болып табылады.

Жоба аясында дуальды білім беру жүйесі мен кәсіби сертификаттау бағдарламалары іске асырылмақ.Оқу үдерісі теория мен тәжірибені ұштастыруға бағытталған. Бұл түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

АЛИЯ АҚТЫМБАЕВА, ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:

Ғылыми сала, білім сала, ауылшаруашылығы салаларда және басқа салаларда көп қолдануда. Соларға осы бағыт бойынша бізде Қазақстан Респбуликасында пилоттар енді аздау болады. Осы пилоттарды дайындауға арналған арнайы курстар өткіземіз.

Ашылу рәсімі барысында орталықтың техникалық мүмкіндіктері жан-жақты таныстырылды. Қатысушылар заманауи құрылғылардың жұмыс барысын өз көздерімен көрді. Жаңа орталық отандық ұшқышсыз авиацияның дамуына серпін бермек.