2025 жылы 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Фото: pixabay.com

Былтыр 37 219 тұрғын үй ғимараты салынса, оның 2 591-і көппәтерлі тұрғын үй.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тұрғын үй көлемі бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалалары көш бастап тұр.

Ал ең жоғары өсім Жетісу, Алматы мен Қарағанды облыстарында тіркелген.