Астанада 14 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 8 адам эвакуацияланды

Фото: pixabay

Алматы ауданы Б. Момышұлы даңғылындағы 14 қабатты тұрғын үйдің 10-қабатында орналасқан балконнан өрт шыққан. 

Алғашқы өрт сөндіру жасақтары келгеннен кейін балконның ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны барлау мен өртті сөндіруге шұғыл кіріскен. Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежеде жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ, — делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттан 8 адамды эвакуациялап, көрші пәтерден 2 бала құтқарылды.