Шетел азаматтары мінген автобус жолаушылары эвакуацияланды

Фото: ТЖМ

Қатты аяз бен жол жағдайының қауіпті болуына байланысты Ақмола облысының Көкшетау қаласында қалааралық автобус тоқтатылды. Автобус салонында 81 шетел азаматы, оның ішінде 17 бала болды. Барлық жолаушылар — Тәжікстан Республикасының азаматтары.

ТЖМ қызметкерлері полициямен бірлесіп адамдарды эвакуациялап, оларды бейімдеу орталығына және қалалық қонақүйге орналастырды. Жолаушыларға қажетті көмек көрсетілді.

Эвакуацияланғандар құтқарушыларға жедел әрекеттері мен қолдаулары үшін #алғыстарын білдірді.