Ақтау – Жаңаөзен тасжолында бір тәулік ішінде полиция 700-дей көлікке жол көрсетті

Фото: Polisia.kz

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция ротасы күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр.

Көлікке ілесіп жүру жұмыстары патрульдік полиция ротасының взвод командирі Шора Ануардың басшылығымен жүзеге асырылды. Жеке құрам автокөліктердің ұйымдасқан әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етіп, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын тұрақты бақылауда ұстады.