Елімізде жеке мектептерге қойылатын талаптар өзгереді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Алматыда жеке мектеп құрылтайшылары мен директорларымен өткен кездесуде мәлімдеді.
Енді жеке мектептер тек нақты қажеттілік туындаған өңірлерде ғана ашылады. Лицензия үш ауысымды мектептерді, апатты жағдайдағы білім ордаларын алмастыру және мемлекеттік мектептер жетіспейтін аймақтарда ғана беріледі.
Сондай-ақ мектеп директорларын бұрынғыдай құрылтайшылар таңдамайды. Шешім қабылдау кезінде салалық министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың келісімі ескеріледі.