«Қазгидромет» демалыс күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

Фото: pixabay

Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде аяз сақталады. Ал республиканың батысы мен оңтүстігінде циклон ықпалынан жауын-шашын қар түрінде түсуі мүмкін. Сондай-ақ дауылды жел және бұрқасын соғып, көктайғаққа ұласуы ықтимал.

Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының жекелеген аудандарында күн жауын-шашынды болады.

Республиканың солтүстігіне, солтүстік-батысына және орталығына кезекті солтүстік-батыс циклон ығысып, салдарынан қар жауып, бұрқасын соғады. Сондай-ақ аталған өңірлерде ауа температурасы жылына бастауы мүмкін.

Республика бойынша тұман түседі деп болжанып отыр.