Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 23 адам эвакуацияланды.
Сарыарқа ауданындағы Степан Кубрин көшесінде орналасқан 12 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.
ТЖМ қызметкерлері баспалдақ арқылы 23 адамды, оның ішінде 9 баланы қауіпсіз жерге шығарды. Өрттің пайда болу себебі анықталып жатыр.