Абай облысында қар құрсауында қалған жедел жәрдем бригадасына көмек көрсетілді.
ТЖМ мәліметінше, оқиға Бородулиха ауданы Михайличенково ауылынан 7 шақырым жерде болған. Мұнда жедел жәрдем көлігі науқаспен бірге қар құрсауында қалып қойған.
Құтқарушылар жедел түрде жетіп, науқас аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.