Ертең Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтеді

Фото: Ақорда

Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram парақшасында хабарлады.

—  Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады, — деп жазды Руслан Желдібай.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:

2022 жылы — Ұлытауда;

2023 жылы — Түркістанда;

2024 жылы — Атырауда;

2025 жылы — Бурабайда өтті.