Бүгін қандай жолдар жабық?

Фото: pixabay

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

Ұлттық компанияның мәліметінше, ауа райының күрт нашарлауына, яғни температураның 30-40 градусқа дейін төмендеуіне байланысты жолаушылар автобустары мен дизель қозғалтқышы бар көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысы

• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы»,

1013-1062 және 1104-1212-шақырым;

• «Өскемен – Семей», 10-103-шақырым;

• KZ16-02 «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы», 15-105-шақырым;

• KZ16-03 «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы – Қалжыр – Марқакөл», 0-124-шақырым;

• KAZ16-01 «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары», 7-450-шақырым;

• «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы», 1103-1321-шақырым.

Абай облысы

• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – РФ шекарасы», 971-1013- шақырым;

• «Өскемен – Семей», 103-198-шақырым;

• «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы», 1087-1103-шақырым.

Ал мына өңірлерде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді:

Жетісу облысы

• «Үшарал – Достық – ҚХР шекарасы», 84-164-шақырым (Көктұма стансасы – Достық стансасы).

Атырау облысы

• «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы», 621-841-шақырым (Атырау қаласы – Құрманғазы кенті).

Павлодар облысы

• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығының бір бөлігі жабық.

Қалқаман ауылына кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабылды.