“Ұлттық құрылтайдағы ұсыныстар мұқият зерделенеді“ - А. Балаева

Фото: Ақорда

Қызылордада V Ұлттық құрылтайдың жұмысы басталды.

ҚР Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бүгінгі жиында көтерілген әрбір бастама ел дамуына үлес қосады деген сенім білдірді.

«Бүгін Қызылордада V Ұлттық құрылтайдың жұмысы басталды. Жиынға еліміздің барлық өңірінен 100-ден аса құрылтай мүшесі қатысып отыр. Жалпы, бүгін төрт секцияның жұмысы өтеді. Айтылған ұсыныстардың барлығы Ұлттық құрылтай хатшылығы арқылы мұқият зерделеніп, тиісті қорытындылар жасалады»,-деді Аида Балаева.