Батыс Қазақстан облысында желтоқсан айынан бері 863 адам көктайғақ кезінде құлап, зардап шекті.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, науқастардың аяқ-қолының жұмсақ тіндері соғылған. Аяқ-қолдары сынған, жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған.
Басқарма мәліметіне қарағанда, соның ішінде 356-сы ауруханаға жатқызылды. Амбулаторлық ем алған науқастарға түрлі медициналық көмектер ( гипс салу, сынықтардың жабық репозициясы, жараларды өңдеу) көрсетілді.
- 2024-2025 жылғы қысқы мезгілде 1 766 адам көктайғақтан жарақат алған еді. Көктайғақ кезінде оқыс жағдайға тап болмау үшін табаны таймайтын аяқкиім киіп, абайлап жүру, қолды қалтаға салмау керек. Қажет болса, мұзға қарсы жапсырма қолданған жөн. Көктайғақ күндері, әсіресе, жасы ұлғайған ада