Павлодарда қыс басталғалы 29 адамды үсік шалды. Оның 16-сының аяқ қолын кесуге тура келген. Арасында балалар да бар. Железин ауданынан 1 жарым жасар бала жеткізілген. Бүлдіршіннің саусақтарын үсіп қалған. Қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Ақ халаттылар науқастың жағдайы тұрақты екені айтады. Дәрігерлердің сөзінше, зардап шеккендердің дені - үй күйі жоқ қаңғысбастар мен мас күйде далада ұйықтап қалғандар.
АСХАТ МҮРСӘЛІМОВ, ҚАЛАЛЫҚ №1 АУРУХАНАНЫҢ КҮЙІК БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Қатты аязда емханаға келіп, қайтар жолда науқастың басы айналып, аялдама жанында құлап қалыпты. Далада қанша уақыт жатып қалғаны белгісіз. Аяқ қолы үсіп кеткен. Жансақтау бөлімшесінде жатыр. Жағдайы ауыр.