Жамбыл облысында оқушыларға арналған эко-лагерь ашылауы мүмкін

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2026

Жамбыл облысында  жоғары сынып оқушыларына арналған эко-лагерь ашылуы мүмкін. Онда "жасыл" идеялар  жүзеге асырылады.  Балалар табиғат аясына шығып, тау,тас пен өзен, көлді аралап, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігін бақылайды. Бітелген бұлақ көзін ашып, табиғатты аялауды өзгелерге үлгі етпек. «Таза Қазақстан» акциясы аясында қоқыс теріп,  тазалық  жұмыстарымен ғана шектелмей, суды үнемдеу,  пакет мен пластик ыдыстардан бас тарту челленджін бастамақ. Оқушылар тың жобаларын ортаға салды. 

ДАМИРА БОРАНҒАЗЫ, 11 - СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Бізде Аралдың тартылуы бар, мұнай қалдықтарының төгілуі бар және көмір қышқыл газының бөлінуі. Бұған біздің мемлекеттен қаржы бөлінеді. Алайда ол қаржы толықтай жұмсалып жатыр ма? Яғни бізге фильтрация жұмыстарын дамытып, одан да зор жетістіктерге жетуге болады. Болашақта «ТОP мемлекеттер» қатарына кіруіне үлесімізді қоса аламыз деп ойлаймын.