Батысқазақстандық жас шебер ақ ұлпадан Ақорда салды

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Нәдір Қуанаев Ақорданы ақ ұлпадан жасап шықты. Бір апта бойы тыным таппаған еңбекқор жігіт бұл туындысына бес тоннадай қар жұмсапты. Жас шебер Ақорданы көзбен көрмесе де, түпнұсқаға барынша ұқсатуға тырысқанын айтады. Сондықтан жұмыстан келе сала іске кірісіп, әр бөлшегін айнытпай құюға бар өнерін салған. Ғимараттың маңдайшасына Елтаңба мен көк байрақты орнатып, айналасына жарық жүргізген. Қардан жасалған бас орданың ұзындығы 5 метр, ені 3 метр. Айтуынша, мұндай мүсін аяз күшейгенде жақсы шығады. Бұл - Нәдірдің төртінші туындысы. 

НӘДІР ҚУАНАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Інілеріме айттым мына жерге қарды үйіңдер дедім. Осы жерге мүсінді саламыз дедім. Бірақ айтқан жоқпын не салатынымды. Осы жерге үйіңдер дедім. Үйіп бастады соны. Сосын ары қарай өзім жалғастырып кеттім, қар жинап, үйіп. Қиындықтар шұқыма жұмыстарда көп болды. Мына терезелерінің әрқайсысын шұқу қиындатты.