Биатлоннан 2025-2026 жылғы маусымдағы әлем кубогы кезеңдерінің нәтижесінде Қазақстан командасына 4 спортшыға 17 лицензия бөлді. Сәйкесінше, Милан-Кортина ойындарында елімізден 2 ер, 2 әйел сынға түседі. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Осы тұста аталған жолдама жекелей спортшыға емес, биатлоннан Ұлттық құрамаға берілгенін айта кеткен жөн. Италияға нақты кімдердің баратынын жақында Қазақстан құрамасының бапкерлер кеңесі жариялайды.
Қазір Қазақстан еншісінде келесі спорт түрлерінен лицензия бар:
Конькимен жүгіру спорты (12 лицензия) - Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко.
Шорт-трек (9 лицензия) - Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан.
Мәнерлеп сырғанау (2 лицензия) - Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина.
Жалпы есеп бойынша ел қоржынындағы жолдама саны 40-қа жетті.
Олимпиада лицензиясына қатысты қорытынды ақпарат қаңтардың аяғында белгілі болады.
XXV қысқы олимпия ойындары Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.