«Қайрат» - «Брюгге» кездесуінде кімдер төрелік етеді

Фото: «Қайрат» футбол клубы

UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі жетінші турындағы қазақстандық «Қайрат» (Алматы) және Бельгияның «Брюгге» (Брюссель) командалары арасындағы кездесуде қай елдің төрешілері қызмет атқаратыны белгілі болды.

Бұл міндет Литвадан келген Донатас Румшас бастаған төрешілер бригадасы атқаратын болады.

Оған отандастары Александр Радиус пен Довидас Сужеделис көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Робертас Валиконис.

Кездесу 20 қаңтарда күні сағат 20:20-да елордадағы «Астана-арена» стадионында басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін «Қайрат» Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.

Ал «Брюгге» Францияның «Монакосын» 4:1 есебімен жеңсе, Испанияның «Барселонасымен» 3:3 есебімен тең ойнап, одан кейін Италияның «Аталантасынан» 1:2, Германияның «Бавариясынан» 0:4, Португалияның «Спортингі» және Англияның «Арсеналына» 0:3 есебімен есе жіберді.