Салық төлеушілерге салық міндеттемелерін орындау бойынша қандай көмек көрсетіледі?

Фото: istockphoto

Мемлекеттік кірістер комитеті бизнеске барынша «жұмсақ сүйемелдеу» моделін белсенді енгізуде, ол дегеніміз – салық төлеушіні тіркеу сәтінен бастап оның қызметін тоқтатқанға дейін қолдау көрсету. Бұл модель халыққа барынша ыңғайлы келесі тәсілдерге негізделеді:

-мобильді қосымшалар арқылы жеңілдетілген салықтық тіркеу;

-алдын ала толтыру және автоматтандырылған декларациялау;

-салықтарды өңай төлеу;

-кейбір қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына және қаржы секторына беру;

-ескерту және хабарлау бойынша электрондық сервистер, оның ішінде банктердің мобильді қосымшалары арқылы;

-жастардың салықтық сауаттылығын арттыру;

-ашық API-сервистердің кеңеюі.

Осы іс-шаралар аясында болашақ кәсіпкерлерге арналған «Калькулятор» түрінде сауалнама функциясы әзірленді. Бұл бизнесті тіркеу кезінде пайдаланушыға бизнес жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанын (ЖК немесе ЖШС), салық режимін, тапсырылатын Декларация түрлерін және мерзімдерін анықтауға арналған алдын ала ақпарат пен ұсынымдар береді.

Сауалнама нәтижесінде әр салық төлеушіге арналған, қолданатын салық режимі бойынша Ескертпе қалыптастырады, онда Декларация тапсыру мерзімдері, салық мөлшерлемелері, төлеу уақыты және тағы да басқа ақпараттар қамтылады.

Бұл сервис САИЖ, МКК порталында және «Бірыңғай жеке кабинет» жүйесінде жүзеге асырылады, сондай-ақ API-сервис арқылы банктік мобильді қосымшалар мен басқа платформаларға біріктіріледі. Бұл жүйе тек есепті қабылдап, міндеттемелерді бақылап қана қоймай, салық төлеушінің көмекшісі ретінде жұмыс істейді – жеке кеңестер, ескертпелер мен алдын ала толтырылған нысандар ұсынады.

Екінші деңгейдегі банктермен ынтымақтастық

 Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілермен көбірек байланыс нүктелері бар банктік экожүйелердің мүмкіндіктерін белсенді пайдаланады. Екінші деңгейдегі банктердің платформаларында фискалдық бақылау шараларын қолданбай сұранысқа ие Электрондық сервистер мен мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін салық төлеушінің мобильді кабинетінің прототипі жасалады.

МКК сервистерін банк экожүйелерімен интеграциялау нәтижесінде салық есептілігін беруден бастап берешек туралы хабарламаларды алуға дейінгі 20-дан астам қызмет жүзеге асырылды. Банктік платформаларда салық төлеушінің мобильді кабинетін құру, сондай-ақ бақылау-кассалық машиналарды банктердің POS-терминалдарымен интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл бизнеске бүкіл өмірлік циклды артық бақылаусыз сүйемелдеуге мүмкіндік береді.