2025 жылды мол табыспен аяқтадық – Президент

Фото: Ақорда

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы барысында мәлім етті.

Былтыр экономикамыз 6,5%-ға өсті. Еліміздің ішкі жалпы өнімі 300 млрд доллардан асты. Ал жан басына шаққандағы үлесі тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет 15 мың доллар болды. Бұл бүкіл Орталық Азия аймағы бойынша рекордтық көрсеткіш, – дейді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, Ұлттық қордың валюталық активтері 5 млрд долларға ұлғайып, алтын-валюта резервтері 65 млрд доллардан асты. Сондай-ақ шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайызға жақындаған.