Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының инсульт бөлімшесінде былтыр 53 мың науқас емделген

фото: gov.kz

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының инсульт бөлімшесінде өткен жылы ми қан айналымы жіті бұзылған 53 мыңнан астам пациент емделді.

Инсульт - мүгедектік пен өлімнің негізгі себептерінің бірі. Сондықтан инсульт көмегін дамыту және оның қолжетімділігін арттыру біз үшін басымдық болып қала береді.

Қанша пациент емделді:

МҚАЖБ жағдайларының жалпы саны
 2025 жыл-53 000-нан астам пациент

Геморрагиялық инсульт
 2025 жыл-10 000-нан астам жағдай

Ишемиялық инсульт
 2025 жыл-41 000-нан астам жағдай

Емделген пациенттер санының өсуі - бұл жүйелі жұмыстың нәтижесі: инсульт орталықтарын дамыту, емдеудің заманауи хаттамаларын енгізу, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және пациенттерді бағыттауды күшейту.